28 шілдеде 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
погода
Ауа райы күрт өзгеріп, 17 өңірде дауыл соғады / Фото: Shutterstock

28 шілде, дүйсенбі күні, еліміздің 17 өңірінде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар кей жерлерде тұман түсіп, қатты жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында аптап ыстық орнайды. Күндіз ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және батыс өңірлерде өрт қаупі өте жоғары күйінде қалып отыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, барынша сақ болу ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы мен маңында 5-санаттағы жоғары өрт қаупі жарияланған еді. 26 шілде күні Кеңсай аумағында 15 гектар жер өртеніп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз