Lifestyle

DreamWorks «Шректегі» есек туралы бөлек мультфильм түсіреді

Шрек франшизасындағы есек туралы бөлек фильм түсіріледі / фото: dreamworks.com

Атақты DreamWorks студиясы «Шрек» франшизасындағы ең күлкілі әрі көп сөйлейтін кейіпкер Есек туралы жеке мультфильм түсіріп жатқанын ресми түрде растады. Бұл жолы да Есек рөлін бұрынғыдай әйгілі актер Эдди Мерфи дыбыстайды.

Жаңа мультфильмде оқиға Шрекпен болған оқиғалардан кейінгі кезеңді қамтиды. Бұл жолы көрермендер Есектің отбасылық өмірін — айдаһар әйелімен махаббаты, балалары және жаңа бастамаларын тамашалайды.

Айта кетейік, 2022 жылы DreamWorks студиясы «Етік киген мысық» туралы спин-офф фильмін шығарған болатын. Антонио Бандерас дыбыстаған кейіпкердің фильмі үлкен жетістікке жетіп, әлемдік прокатта 485,2 млн доллар табыс жинаған еді.

Бұған дейін Dream Works «Шрек 5» мультфильмі 2026 жылдың желтоқсан айында шығатынын мәлімдеген еді.