Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатынан кейін Шудағы ауруханадан шықты
Жарияланды

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатынан кейін жеткізілген Шу қалалық ауруханасынан өз еркімен шықты. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше, зардап шеккендер арнайы жазбаша қолхат жазып, Алматы қаласына аттанған. Медициналық мекемеге ешқандай шағымдары жоқ екені де сол құжатта көрсетілген.
Еске салайық, 28 шілде таңертең Жамбыл облысында орын алған жол апатында Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккені туралы ақпарат тараған болатын.