Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті
Жарияланды

Таиланд пен Камбоджа шекарадағы қарулы қақтығыстан кейін, 24 сағат ішінде атысты тоқтату туралы келісімге келді. Малайзия астанасында өткен келіссөздер нәтижесінде тараптар бейбіт жолмен шешім табуға ниетті екенін білдірді. Бұл туралы Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим мәлімдеді.
Еске салайық, 24 шілде күні Тaиланд пен Камбоджа арасындағы шекаралық аймақта жағдай күрт шиеленісіп, Камбоджа Таиландтың азаматтық нысандарына соққы жасаған болатын. Бұған жауап ретінде Таиланд әуе шабуылын жүзеге асырып, Камбоджа аумағындағы әскери объектілерді нысанаға алды.
Қақтығыс салдарынан екі елде де қаза тапқандар мен жараланғандар тіркелді. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды.