«Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі тоқтатылды – «Аэрофлоттан» техникалық ақау шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Аэрофлот» ақаудың тек ішкі әуе рейстерін реттейтін IT-жүйелерге ғана қатысты деп отыр / KursivMedia мұрағаты
«Аэрофлот» ақаудың тек ішкі әуе рейстерін реттейтін IT-жүйелерге ғана қатысты деп отыр / KursivMedia мұрағаты

«Аэрофлот» әуе компаниясының мәліметінше, бүгін компанияның ақпараттық жүйесінде техникалық ақау шықты.

Көлік министрлігінің ақпаратына қарағанда, компания өкілдері бұл ақау тек Ресей ішінде орындалатын ішкі әуе рейстерін реттейтін ішкі IT-жүйелерге ғана қатысты екенін хабарлаған.

«Аталған техникалық ақау халықаралық рейстерге, соның ішінде Қазақстан бағытындағы рейстерге әсер етпейді», – делінген министрліктің ақпаратында.  

Қазақстанға және Қазақстаннан ұшатын рейстер кестеге сәйкес жұмыс істейді. Рейстерді тоқтату жоспарланып отырған жоқ.

Десе де, SU1962/1963 «Мәскеу – Астана – Мәскеу» рейсі техникалық себептерге байланысты тоқтатылған.

«Барлық жолаушыларға хабарлама жіберілді. Тасымалдау SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейстің мәртебесі өзгерген жағдайда барлық қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады», – делінген ақпаратта.

Компания барлық жолаушыларға рейстер туралы ақпараттарды алдын ала тексеріп отыруды ұсынды.

Көлік министрлігі «Аэрофлот» әуе компаниясының өкілдерімен жедел кеңес өткізгенін хабарлады. Кеңес кезінде жолаушыларға алдын ала ақпарат беру және тиісті қызметтер көрсету қажет екені аталған. Мәселені аталған министрлік ерекше бақылауына алыпты

Сондай-ақ оқыңыз