Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.
«Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!» – деп жазды Президент.
Айта кететін жайт, Әйгерім Алтынбек Италияның Портофино қаласында өткен халықаралық опера әншілері байқауында 1-орынды иеленген еді.
Биыл 50-ден астам елден 200-ден аса әнші CLIP байқауына қатысуға тілек білдірген. Бірақ тек 92 вокалист қана шақырту алған. Жартылай финалдан 22 әнші ғана сүрінбей өткен.