Алматыда Әбу Ханифа мешіті ашылды (суреттер)

Жарияланды 28 Шілде 2025 18:53

Даниил Девяткин

Даниил Девяткин

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Ғалым Әбі Ханифа атындағы мешіт / фото: Артур Алескеров
Әбу Ханифа мешітінің сыртқы келбеті / фото: Артур Алескеров

Алматы қаласында ғалым, сүннит мектебінің төрт имамының бірі Әбу Ханифа атындағы мешіт ашылды. Kursiv LifeStyle тілшілері жаңа ғимаратпен танысты.

Мешіт мегаполистің Медеу ауданындағы Халиуллин көшесінде ашылды. Бұған дейін ол жерде 1998 жылы салынған «Нұрлы» мешіті тұрған. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан қатысты.

Мүфтият мәліметінше, жамағат сұранысы мен мүфтият шешіміне сай, мешітке ғұлама, Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Әбу Ханифа есімі берілді.

Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева
Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева

Мұсылмандар үйі кәсіпкер Рифат Самигуллиннің қолдауымен тұрғызылды.

Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева
Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева

Ғимараттың ерекше дизайны бірден көзге түседі. Оның қыры көп сәулеті біз көріп жүрген мешіттерден ерек. Аула ішіне жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Оның бәрі ғимараттың өзі секілді жалтырап тұр.

Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева

Мешіт ішінде кең ғибадатхана, әйелдерге арналған зал, тазалық бөлмесі, неке қию залы және Құран оқитын бөлме бар.

Әбу Ханифа мешіті / фото: Артур Алескеров
Әбу Ханифа мешіті / фото: Артур Алескеров
Әбу Ханифа мешіті / фото: Артур Алескеров
Әбу Ханифа мешіті / фото: Артур Алескеров

Мешіттің бас қақпасының сол жағында биік күмбез орнатылған. Ол бетон мен әйнектен дайындалған. Ал ең оның басына жарты Ай орнатылған.

Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева
Әбу Ханифа мешіті / фото: Делия Айдарәлиева

Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит VIII ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым. Оны ислам дініндегі сүннит бағытындағы төрт мәзһабының бірі – Ханифаның негізін қалаушы деп атайды. Қазақстандағы мұсылмандар жамағаты өзін осы мәзһабқа жатқызады.

Сондай-ақ оқыңыз