
Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 АҚШ доллары 541,45 теңге болды. Осылайша ұлттық валюта бір тәулікте бірден 3,50 теңгеге нығайды. Алайда доллар валюта айырбастау мекемелерінде 545-548 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық валюта бағамы
Өткен аптада күрт құнын жоғалтқан ұлттық валютаға қайтадан жан бітті. Дүйсенбі, 28 шілдеде оның құны бірден 3,50 теңгеге артты. Алайда теңгеге долларға жіберген есесін қайтару үшін көп күш салуға тура келеді. Өйткені Құрама Штаттар валютасының теңгеге шаққандағы бағамы шілденің аяғында қайта-қайта рекорд орнатқан.
Қазір Қазақстандағы валюта айырбастау мекемелерінде доллар 547-548 теңгеден сатылып жатыр, яғни ресми бағам оның саудадағы бағасына айтарлықтай әсер ете қойған жоқ.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы валюта пунктерінде 1 АҚШ доллары 543 теңгеден қабылданып, 545 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында бағам, әдеттегідей, әлдеқайда жоғары – 541 және 548 теңге.
Биткоин қайта күшейді
Өтке апта соңында құны 114 мың долларға дейін түсіп кеткен Bitcoin (BTC) қайтадан күшейіп жатыр. Дүйсенбі, 28 шілдеде оның бағасы 119 мың долларға дейін көтерілді. Қазір BTC шамамен 118,8 мың доллардан саудаланып жатыр.
Биткоин капиталы да – 2 трлн 366 млрд.
Нарықтағы құны жағынан екінші криптовалюта – Эфириум бүгін 1,94%-ға нығайды. Ethereum (ETH) қазір шамамен 3 890 доллар тұрады. Бірнеше сағат бұрын ғана ETH 3 935 долларға дейін көтерілген еді. Эфириумның нарықтағы капиталы – 469 млрд.
Есесіне Binance Coin (BNB) токені бір тәулікте 6,52%-ға қымбаттады. Ол қазір шамамен 850 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 118 млрд.
Бейсенбіде Solana (SOL) құны бүгін 2,86%-ға көтерілді. Қазір SOL 193 доллар тұрады. Солананың нарықтағы құны 103,8 млрд.