Бангкоктағы атыстан кем дегенде алты адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Таиландтағы Камбоджа елшілігінің ғимараты / фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa
Таиландтағы Камбоджа елшілігінің ғимараты / фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Дүйсенбі, 28 шілдеде, Таиланд астанасы – Бангкок қаласындағы атыстан кем дегенде алты адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, атыс жергілікті Бангкоктағы базарлардың бірінде болған. Белгісіз бір ер азамат оқ атқан. Соның салдарынан саудагерлер мен күзетшілер зардап шеккен.

Таиланд полициясы өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оған дейін күдікті Ор То Ко базарының төрт күзетшісін атып өлтірген. Атыс барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып отырған бір әйел мерт болған.

Бұл оқиға Таиланд пен Камбоджа арасында атыс жүріп жатқан уақытта болып отыр. Алайда базардағы атыстың көрші екі ел арасындағы жанжалға қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

CNN мәліметінше, Таиланд пен Камбоджа өкілдері дүйсенбіде жергілікті уақытпен сағат 15.00-де Куала-Лумпурда кездесуге тиіс.

Өткен аптаның бейсенбісі, 24 маусымнан бері екі ел арасындағы атыс барысында кем дегенде 35 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жараланған. Бұған қоса, 200 мың адам үйін тастап, босып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз