Ердоған «бейбітшілік дастарханын» жаюға уәде берді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Реджеп Ердоған / фото: REUTERS/Piroschka Van De Wouw
Реджеп Ердоған / фото: REUTERS/Piroschka Van De Wouw

Түркия президенті Реджеп Таийп Ердоған Украинадағы соғыс аяқталған соң «бейтшілік дастарханын» жаюға уәде берді. Бұл туралы жергілікті TRT Haber хабарлайды.

«Бұл соғыс дәл қазір аяқталуы тиіс деп есептейміз. Мен жоғары деңгейдегі ккездесу ұйымдастыруға дайынмын деп үнемі айтып жүрмін. Түркияда келіссөз үстелі секілді, жарқын болашақта елде бейбітшілік дастарханы да жайылады. Қанды соғыс тоқтайды«, – дейді Ердоған.

Түрік президенті Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталған сәттен Анкара «тепе-теңдікті бұзбай, әділетті, бейбітшіл саясат» ұстанды деп мәлімдеді.

Ердоған астық дәлізі туралы келісім, тұтқын алмау және келіссөздерді Анкараның бейбітшілікке ұмтылысын көрсетеді деп сипаттады. Оның айтуынша, Стамбұлда 16 мамырда өткен келіссөздер нәтижесінде 1 мың тұтқын алмасты.

2 маусымдағы келіссөздер кезінде мыңдаған ресейлік және украин сарбазының мәйіті қайтарылғаны айтылды. Бұған қоса 1200 тұтқын алмасты. 23 шілдедегі келіссөздер нәтижесінде кем дегенде 1200 тұтқын алмасу туралы шешім қабылданды.

Түркия президенті осының бәрін 28 шілдеде үкіметте жасаған көлемді баяндамасы барысында айтты.

Сондай-ақ оқыңыз