Зейнеткердің 160 млрд теңгесін «Самұрық» пен «Бәйтерекке» құйды

Жарияланды 28 Шілде 2025 13:46

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Фарид Велиев

Фарид Велиев

Қаражаттың көп бөлігі «Самұрық-Қазына» құнды қағаздарына аударылды / ЖИ көмегімен дайындалған сурет, бильд-редактор: Милош Муратовский

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнеткердің шамамен 160 млрд теңгесін «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» облигацияларына құйды. Қордың инвестициялық есебінде осындай мәлімет бар.

2025 жылғы маусым айында «Бәйтеректің» құнды қағаздарына 69,9 млрд теңге салынған. Оның жылдың түсімі – 17,5%.

БЖЗҚ «Самұрық-Қазына» облигацияларына одан да көп қаражат құйған – 90 млрд теңге. Қаражат түсімі 3,5% болатын құнды қағаздарға жұмсалған.

Бұған қоса, зейнетақы қоры биыл маусым айында  ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарын алған. Оларға 142,5 млрд зейнеткер ақшасы жұмсалған. Оның жылдық түсімі – 16,37%.

Сонымен бірге, маусым айында зейнетақы қоры Құрама Штаттар қазынасының облигацияларына 61,4 млрд теңге жұмсаған. Оның жылдың түсімі 4,32%. Мамырдың аяғында қор АҚШ-қа берешегін жабуға 2,3 трлн теңге жұмсаған. Сол себепті құнды қағаздар портфелі бар болғаны 2,7%-ға артқан.

Бұған қоса, маусым айында ForteBank (1,94 млрд) мен Kaspi Bank (59,1 млрд теңге) облигацияларының ақшасы төленген.

Бұған дейін Kursiv.Media үкімет «Самұрық-Қазына» қорын тарата ала ма деген сауалға жауап іздеген.

Биыл маусым айының аяғында парламент депутаты «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» жұмысын сынаған.

Сондай-ақ оқыңыз