Елімізде қанша ардагер бар: оларға қандай көмек көрсетіліп отыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елімізде қанша ардагер бар/фото: shutterstock

Елімізде 80 932 ардагер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының (ҰОС) 96 ардагері бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомство ақпаратына сәйкес, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 630 ардагер, 26 580 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 37 626 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар.

«2025 жылы бұл санаттағы азаматтарға 8,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған», – делінген ақпаратта.

Министрлік республикалық бюджеттен берілетін ай сайын берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көлемін де жариялады:

ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

  • ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

  • Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
  • Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» атты бірегей интернет-порталды іске қосты.

Сондай-ақ оқыңыз