Тоқаев Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Ататүрік кесенесіне барды/фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қазақстан президенті Анкараға барды/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Айта кетейік, 28 шілде кешке Қазақстан президенті ресми сапармен Түркияға барды. Анкара әуежайында оны Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған күтіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз