Баум тоғайын абаттандыруға 4,7 млрд теңге жұмсалады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Баум тоғайын абаттандыруға 4,7 млрд теңге жұмсалады
Баум тоғайын абаттандыруға 4,7 млрд теңге жұмсалады/Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі қаланың басты табиғи аймақтарының бірі – Баум атындағы тоғайды абаттандыру жобасын бастағалы жатыр.

Жобаны BAZIS-A құрылыс компаниясы жүзеге асырып, 4,7 млрд теңге көлемінде инвестиция құймақ.

Тоғай аумағын табиғи ерекшеліктеріне қарай дұрыс аймақтарға бөлуге көңіл бөлінбек.

«Бір бөлігі тыныш демалысқа арналса, екінші бөлігі экологиялық аймақ ретінде инфрақұрылымы шектеулі күйде қалып, табиғатты қорғау мен экологиялық ағартуға бағытталады. Мұндай тәсіл қала тұрғындарына алып шаһардың ішінде табиғатпен үйлесімді әрі ұқыпты қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік жұмысты жүргізу кезінде табиғатқа барынша ұқыпты қарау назарға алынатынын атап өткен. Ағаштарға, жер бедеріне мен экожүйеге зиян келтірілмейді деп сендіреді.

Алматының «өкпесі» саналатын Баум тоғайының аумағы 137,7 гектар. Бұл жер қаладағы сирек сақталған табиғи ландшафт пен алуан түрлі ағаш түрлерін бойына сыйдырған құнды жасыл аймақ саналады. Тоғай Алматының биоалуандығын сақтап, қолайлы микроклимат қалыптастыруда орасан рөл атқарады.

Бұған дейін, Көк базар жөнделіп, алдына субұрқақ орнатылатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз