Бейжіңде нөсер салдарынан 30 адам қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Бейжіңде нөсер салдарынан 30 адам қаза тапты
Бейжіңде нөсер салдарынан 30 адам қаза тапты/Фото: AP

Қытай астанасындағы қалың нөсер салдарынан 30 жұмды. Бұл туралы Бейжің қалалық су тасқынына қарсы күрес штабына сілтеп Синьхуа агенттігі жазды.

Қайғылы жағдай Қытай астанасының солтүстік таулы аудандарында тіркелген. Миюнь ауданында 28 адам, Яньцин ауданында 2 адам қаза болған.

Су тасқыны салдарынан қала бойынша 80 332 адам эвакуацияланған. Жергілікті биліктің мәліметінше, ең көп жауын-шашын Миюнь ауданында тіркелген, онда 543,4 мм жауын жауған.

Нөсер 31 жол учаскесін бүлдіріп, 136 ауылда электр қуаты сөнген.

Соңғы күндері Миюнь мен басқа да аудандарда субтропикалық антициклонмен келген жылы әрі ылғалды ауа ағынының әсерінен күшті және апатты құбылыстар байқалған.

28 шілде, дүйсенбі күні, сағат 20:00-де Бейжің қалалық су тасқынына қарсы күрес штабы тасқынға байланысты ең жоғары деңгейдегі төтенше әрекет ету механизмін іске қосқан.

Бейжің билігі тұрғындарға ағыны қатты өзендерден алыс жүруді ескертті.

Шілденің басында Қытай мен Непал арқылы өтетін өзен тасып, екі елді байланыстыратын көпір қираған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз