Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді
Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді/Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

Ақорда таратқан ақпаратта президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылағаны айтылады.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтса, Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растаған.

Айта кетейік, Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімінде Құрмет қарауылы сап түзеп, Сарайға келген сәтінде мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрген.

Президенттен кездескенде қос мемлекеттік әнұраны шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапарын елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне зиярат етуден бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз