Түрік кәсіпкерлері Астанаға 160 миллиард теңгеге бидайды терең өңдейтін зауыт салады

Түркияның Tiryaki Holding компаниясы Астанада бидайды терең өңдейтін зауыт салады. Бұндай келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясындағы түрік бизнес өкілдерімен болған келіссөздер нәтижесінде жасалған.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, компания 160 млрд инвестицияны кезең кезеңімен құяды.
«Алғашқы кезеңде 110 теңге, екінші кезеңде 50 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Оның аясында бидай мен бұршақ терең өңделеді. Бұл – жоба өте маңызды. Бізде қазіргі таңда бұндай бір ғана зауыт бар, ол Солтүстік Қазақстан облысында. Астанадағы екінші зауыт болғалы тұр. Мұндай жоба Қостанай мен Ақмола облысында да жалғасады», – деді Айдарбек Сапаров.
Министр тараптар арасында 2018 жылдан бері 23 инвест жоба барын, солардың 18-і іске қосылғанын атап өтті. Бесеуі іске асу барысында. Соның бірі осы Астанадағы зауыт.
Бұған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада түрік кәсіпкерлерімен кездескен.