ТЖМ тауға шыққысы келетіндерге мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ТЖМ тауға шыққасы келетіндерге мәлімдеме жасады
ТЖМ тауға шыққасы келетіндерге мәлімдеме жасады/Фото: shutterstock

Алматының маңындағы Молодёжный шыңына кетіп, байланыс үзілген 20 жастағы Алан қаза тапқаны хабарланды. Жас жігіттің денесі өзі бет алған шыңның маңынан табылған. ТЖМ тауға шығу барысында осындай қайғылы оқиғалардың жиілеуіне байланысты туристерге арналған нұсқаулық жариялады.

1. Тауға тек компаниямен барыңыз.
Жалғыз серуендеу – үлкен қауіп. Әрқашан біреумен бірге жүріңіз.

2. Маршрутты зерттеңіз.
Шығар алдында көп ақпарат жинаңыз:
– қиындық деңгейі,
– ұзақтығы,
– ауа райы жағдайлары,
– қажетті құрал-жабдықтар.

3. Дұрыс киім таңдаңыз.
– тек треккингке арналған аяқ-киім,
– күрте мен шалбар,
– жаңбырда киетін жамылғы,
– жылы күртеше немесе жылы флис киім,
– ашық түсті киім (камуфляж немесе қара реңктегі киім мүлде болмауы керек).

4. Рюкзакта не болуы керек:
– жылы киімнің қосалқы жиынтығы,
– пауэрбанк,
– маңдайға тағатын шам + қосалқы батареялар,
– ысқырық,
– шай құйылған термос, жүрек жалғайтын тамақ,
– алғашқы көмек жинағы,
– газ оттығы + газ,
– алюминий стақаны (500 мл).

Егер тауда түнейтін болсаңыз, онда қосымша:
– ұйықтайтын қап,
– каремат,
– ауыстырылатын іш киім қажет.

5. Жақындарыңызға хабарлаңыз.
Жаяу серуендеу алдында міндетті түрде:
– маршрутты және түнейтін орындарды хабарлаңыз,
– шамамен қайтатын уақытты айтыңыз,
– серуен арасында қоңырау шалып, хабарламалар жіберіп тұруға келісіңіз.

Бұған дейін, шілденің басында тауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіт бір аптадан кейін өлі табылған.

Сондай-ақ оқыңыз