2026 жылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі

Мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкелерінің жалақысы жыл сайын инфляция көрсеткішіне қарай өсіп отырады. Бірақ 2026 жылы нақты қаншаға өсетіні белгісіз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырысынан кейнгі брифингте айтты.
Қазіргі кезде Қазақстанда инфляция деңгейі 11,8 пайызды құрайды. Алайда ел үкіметі Қазақстандағы инфляция деңгейін төмендетуге ниетті.
2026 жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысы биылғы жылдық инфляция көрсеткішіне сәйкес өседі. Қанша пайызға көтерілетіні нақтыланбаған.
Биахметов бұған дейін азаматтық қызметшілердің жалақысы көтерілгенін айтып өтті. Сонымен қатар жеке сектордағы компаниялар жалақыны өздері белгілейтінін, айлық мөлшерін көтеруді өзі шешетінін айтып өтті.
Жақында бұрын ауыл мәртебесіне ие болып, қазір қала мәртебесіне өткен елдімекендерде орналасқан мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы өскен.