Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды
Жарияланды

Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт толық оқшауланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Оқиға Байқоңыр ауданына қарасты Алаш тас жолы маңындағы ҚТҚ полигонында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, қоқыс шамамен 1200 шаршы метр аумақта жанған.
Министрліктің мәлімдеуінше, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оперативті әрекеттердің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тиісті қызметтер оқиға орнында жұмысын жалғастыып жатыр.