Димаш Құдайбергеннің әні алғаш рет Radio Disney толқынында шырқалды

Жарияланды 29 Шілде 2025 08:32

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай достығы туралы ойын айтты / фото: Kursiv.Media мұрағатынан
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әлем жұлдызы Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» атты композициясы алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радиобрендтердің бірі — Radio Disney-де шырқалды. Мексика радиостанцияларының барлық эфиріне енді. Бұл туралы dimashnews хабарлады.

Аталмыш бастаманың авторы — 2023 жылы Будапеште өткен концерттен шабыт алған жанкүйер. Димаштың дауысын Radio Disney эфирінде естуге деген арманы әлемнің 30-дан астам елінен шыққан Dears жанкүйерлерінің жаһандық қолдауына ұласты.

Жанкүйерлер әлеуметтік желілердің, соның ішінде X платформасының (бұрынғы Twitter) көмегімен #DimashRadioDisney хэштегін 2024 жылдың қыркүйек айының соңында трендке айналдырды. Бұл бастама Мексикадағы радиостанция жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды. Пачука қаласындағы Radio Disney жүргізушісі Бриссия мен эфир продюсері Эдуардо бұл идеяны қолдап, бағдарламалық бөлімге Димаштың әнін бағдарламаға қосу жөнінде ұсыныс білдірді.

Жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында бүгінде «Love’s Not Over Yet» әні Мексикадағы Radio Disney эфирінде тұрақты шырқалып келеді.

Бұл бастама Аргентина, Уругвай, Перу секілді Radio Disney хабар тарататын басқа елдердегі фан-қоғамдастықтарға да шабыт береді деген үміттеміз, – деп мәлімдеді радиостанция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз