«Қайрат» – «КуПС» матчының барлық билеті сатылып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» – «КуПС» билеттер толық сатылып кетті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыдағы Орталық стадионда өтетін «Қайрат» – «KuPS» арасындағы ойынның барлық билеті сатылып кетті. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды.

Матчқа қызығушылық ерекше. Стадион көрермендерге лық толмақ. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жанкүйерлерге ойын басталғанға дейін 2-3 сағат бұрын келуге кеңес береді. Бұл стадионға кіру кезінде ұзын-сонар кезекке ілінбей, еркін өтуге мүмкіндік береді. Алматының орталық стадионына 23 804 адам сыяды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін матч кезінде 1,5 мыңға жуық полиция қызметкері жұмыс істейді.

Матч бүгін, 29 шілде күні, Алматы уақытымен 20:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз