«Қайрат» – «КуПС» матчын қайдан көруге болады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» – «КуПС» матчын қайдан көруге болады?
«Қайрат» – «КуПС» матчын қайдан көруге болады? / фото: fckairat.com

2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғап жүрген алматылық «Қайрат» 29 шілде күні екінші айналымның қарымта ойынын өткізеді. Алматының Орталық стадионында өтетін кездесуде қазақстандық команда Финляндияның «КуПС» клубын қабылдайды. Матч сағат 20:00-де басталады.

Алғашқы ойын Финляндияда өтіп, алматылықтар күтпеген жерден 0:2 есебімен жеңілген болатын. Енді Рафаэль Уразбахтин шәкірттері өз алаңында есепті теңестіріп, жарысты жалғастыруға бар күшін салмақ.

Бұл маңызды кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Ал стадионға барып көрем деген жанкүйерлер билеттерді Freedom Ticketon сайтынан ала алады.

Айта кетейік, жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Словакиялық «Слован» мен Босния және Герцеговиналық «Зриньски» арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Ал жеңілген ұжым Еуропа лигасының үшінші айналымында Латвияның РФШ және Швецияның «Мальме» клубтары арасындағы жеңіліске ұшыраған командамен ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз