
Белгілі әнші, композитор Марат Омаров АҚШ-та жүріп жаңа ән шығарды. Welcome to America атты әнге түсірілген жаңа бейнебаян тыңдармандарын таңғалдырды. Себебі бейнебаян атақты Голливудта түсірілген.
Бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып, шығармашылығын жалғастырып жүрген Марат Омаров бұл жолы да көрерменге шынайылық пен жылулық сыйлағасы келгенін айтады.
Бұл ән — менің Америкадағы өмірімнің, сезімімнің және жаңа мүмкіндіктерге деген үмітімнің көрінісі. Әрбір сөзі жүректен шыққан, әрбір нотасы тыңдарманға махаббатпен жолданған, — дейді Марат Омаров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Голливудтағы атақты «Даңқ аллеясында» қазақ боксшысының есімі жазылған еді.