Қазақстан 2026 жылы жүзуден әлем чемпионатын қабылдайды

Жарияланды 29 Шілде 2025 14:22

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан 2026 жылы жүзуден әлем чемпионатын қабылдайды / фото: olympic.kz

Сингапурда өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road–2026 жүзуден Әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Аталған халықаралық турнирдің бірінші кезеңі Әзірбайжан астанасы Бакуде, екінші кезеңі Өзбекстанның Ташкент қаласында өтсе, үшінші әрі соңғы кезеңін Астана қабылдайды. Қазақстан жүзу спортынан осындай ауқымды халықаралық жарысты алғаш рет қабылдайды.

Жарысқа Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары мен рекорд иелері қатысады.

Silk Road–2026 турнирінің нақты мерзімі World Aquatics тарапынан кейінірек хабарланады.

Сондай-ақ оқыңыз