«Сенімді сөйлей алмайтын едік»: Депутат Асхат Аймағамбетов неге қайран қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Асхат Аймағамбетов өзі дәріс беретін болашақ журналистерге кішігірім сұхбат берген / фото: KursivMedia мұрағаты
Асхат Аймағамбетов өзі дәріс беретін болашақ журналистерге кішігірім сұхбат берген / фото: KursivMedia мұрағаты

Депутат Асхат Аймағамбетов өзі сабақ берге шәкірттеріне қайран қалып отыр. Бұрынғы білім министрі жастарға сенім білдірді.

Ол Maqsut Narikbayev University-де өзі дәріс беретін болашақ журналистерге кішігірім сұхбат берген. Осы сәттегі әсерін әлеуметтік желіге бөлісті.

«Жастар – мықты, білімге құштар, ашық. Шынымды айтсам, біз студент болған кезде дәл бұлай еркін, сенімді сөйлей алмайтын едік. Ал қазіргі буынның ойлау деңгейі, өзіндік көзқарасы мен ізденісі қуантады», – деп шәкірттерін мақтан тұтатынын білдірді.

Асхат Аймағамбетов бұл сұхбатқа ерекше мән беріп отыр. Оның ойынша, бұл дәстүрге айналып келе жатқан жақсы тәжірибе.

Асхат Аймағамбетов – Мәжіліс депутаты. 2019-2023 жылдары Ғылым және білім, ағарту министрі болып қызмет атқарды.  

Ол мұғалімдер мен директорлардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне қатысты ескерту жасаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз