Сотталған шенеуніктер билікке қайтып келмейтін болды – Қырғызстан заңды күшейтті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сотталған шенеуніктер бірқатар маңызды лауазымды қызмет атқара алмайды / shutterstock
Сотталған шенеуніктер бірқатар маңызды лауазымды қызмет атқара алмайды / shutterstock

Сотталған шенеуніктер енді Қырғызстанда билікке келіп, қызмет атқара алмайтын болды. Сонымен қатар дін қызметкерлеріне де шектеу қойылды.

Ел президенті Садыр Жапаров азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған конституциялық заңға қол қойды.

Бұл заң не үшін керек?

Ондағы мақсат – лауазымды тұлғалардың мінсіз беделін қалыптастыру, құқық пен заң үстемдігі қағидатын бекіту.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Заңдағы жаңашылдық сотты болған тұлғаларға қатысты. Байқамай жасалған ұсақ қылмыстарға ғана жеңілдік жасалады.

Қандай қызметтерге есік жабық болмақ?

Бұдан былай сотталған шенеуніктер маңызды мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Атап айтқанда, президент сайлауына қатыса алмайды. Жогорку Кенештің депутаты болмайды. Өйткені оларды тіркеуден бас тартылмақ. Сонымен қатар министрлер кабинетінің төрағасы және мүшесі, өзге де атқарушы билік органының басшысы болуға тыйым салынады.

Сайлау және референдум өткізу туралы орталық  комиссиясының да есігі жабылады.

Неге діни қызметкерге шектеу салынған?

Айта кететін жайт, бұл заң дін қызметкерлеріне де тыйым салуды көздейді. Енді олар Президент немесе Жогорку Кенештің депутаты қызметіне сайлана алмайды. Діни қызметінен кеткен соң, үміткер болғысы келгендерге бес жыл күте тұруға тура келеді.

Айта кететін жайт, қазақcтандықтар енді Қырғызстанның жоғары оқу орындарына тегін түсе алады.

Сондай-ақ оқыңыз