Алакөлде он шақты адам көпшіліктің көзінше төбелесті

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында он шақты ер азамат төбелесіп қалды. Олар балалар мен басқа да демалушылардың көзінше жанжалдасты. Төбелес кезінде түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады.
Instagram желісінде жарияланған бір видеодан бірнеше ер азаматтың бір-біріне жұдырық сілтеп, теуіп, тіпті таяқпен ұрып жүргенін көруге болады. Осының бәрін өте жақын жерде бір бала бақылап тұрды. Жақын маңда басқа да балалар мен демалушылар жүрді. Олардың бірқатары төбелесті видеоға түсірген.
Жетісу полициясының департаменті Алакөлде осындай оқиға болғанын растады, бірақ қосымша мәлімет беруді кейінге қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ғана Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі ғимаратының ішінде екі адам бірімен-бірі сөзге келіп төбелескен.
Көкшетауда үйлену тойынан кейінгі төбелес кезінде күйеу жігіт қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 2024 жылғы қарашада қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған.