
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі валюта саудасы нәтижесінде 1 доллар 542,03 теңге болды. Осылайша ұлттық валюта бір тәулікте бар болғаны 0,11 теңгеге құнсызданды. Көк қағаз валюта айырбастау мекемелерінде 545-547 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық валюта бағамы
Қазақстанның ұлттық валютасы апта басында құнын жоғалта қойған жоқ. 28 шілде, дүйсенбіде төл валюта 3,50 теңгеге нығайса, сейсенбі, 29 шілде күні, доллар бар болғаны 0,11 теңгеге нығайды.
Сейсенбі күні KASE-де 109,7 млрд теңгеге, яғни 202 млн долларға валюта саудасы жасалды. Осының алдында ғана Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына интервенция көмектеспейді деп мәлімдеген.
Айта кетерлік жайт, ұлттық валюта бағамы әзірге психологиялық маңызды меже – 550 теңгеден аса қойған жоқ.
Қазір Қазақстандағы валюта айырбастау мекемелерінде доллар 545-547 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы валюта пунктерінде 1 АҚШ доллары 543 теңгеден қабылданып, 545 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында бағам, әдеттегідей, әлдеқайда жоғары – 540 және 547 теңге.

Теңге бағамына доллар индексінің күшеюі де, Ресей рублінің құнсыздануы да әсер ете қоймады. Bloomberg мәліметінше, доллар индексі кейінгі бес аптадағы ең жоғары межені бағындырды. Қазір Құрама Штаттардың көк ақшасы әлемнің ең ірі он елінің валютасынан күшті болып тұр. Оның үстіне, АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге ультитиматум жариялауы рубль бағамына кері әсер етті. Қазір 1 доллар шамамен 82 рубль тұрады.
Криптовалюта нарығы
Bitcoin (BTC) бағамында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Күні бойы BTC 117-119 мың арасында құбылып тұр. Қазір Биткоин шамамен 118,2 мың доллардан саудаланып жатыр.
Биткоин капиталы да – 2 трлн 353 млрд.
Нарықтағы құны жағынан екінші криптовалюта – Эфириум бүгін 1,39%-ға арзандады. Ethereum (ETH) қазір шамамен 3 825 доллар тұрады. Бірнеше сағат бұрын ғана ETH құны 3 737 долларға дейін түсіп кеткенін айты кеткен жөн. Эфириумның нарықтағы капиталы – 461 млрд.
Есесіне Binance Coin (BNB) токені бір тәулікте 3,15%-ға арзандады. Ол қазір шамамен 823 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 114 млрд.
Бейсенбіде Solana (SOL) құны бүгін 4,67%-ға төмендеді. Қазір SOL 182 доллар тұрады. Солананың нарықтағы құны 98,4 млрд.