Марғұлан Сейсембаевтың Ащыбұлақтағы құс фабрикасы өртенді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Марғұлан Сейсембаевтың Ащыбұлақтағы құс фабрикасы өртенді / коллаж kursiv.media(фото: t.me/negemedia), бильд-редактор: Дастан Шанай
Марғұлан Сейсембаевтың Ащыбұлақтағы құс фабрикасы өртенді / коллаж kursiv.media(фото: t.me/negemedia), бильд-редактор: Дастан Шанай

28 шілдеде «Алель Агро» құс фабрикасы өртеніп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Компания үлесіне кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев иелік етеді.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында болған. Құс фабрикасының асханасы өртенген. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, от үлкен аумақты шарпып өткен. Құтқарушылар өртенген жерден бір ер азаматтың денесін тапты. Тілсіз жау 450 шаршы метрге жайылған. Өрт себебі анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, «Алель Агро» компаниясына Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаев иелік етеді. Кәсіпорын Қазақстандағы ең көп құс етін өндіретін орындардың бірі. Компания 1998 жылы Алматы облысында тіркелген. Кейінгі 10 жылда ол бюджетке 15 млрд теңге салық төлеген.

2024 жылы «Алель Агро» елдегі жекеменшік компаниялар арасында 61-орын алды. Компания мәліметінше, 2023 жылы түсім 45,7 млрд теңге, ал табыс 4,6 млрд теңге болған.

Компанияның 2 мыңнан аса (2 186) акционері бар. Ең ірілері — Ғалымжан Есенов (44,04 %), Марғұлан Сейсембаев (20,64 %, Seimar Ltd арқылы) және Сәуле Сейсембаева (13,43 %, Agros Ltd арқылы).

Сондай-ақ оқыңыз