Жүргізуші куәлігі қара базарда қанша тұрады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Шымкенттегі мекеме қызметкерлері жүргізуші куләгін 400 мың теңгеден сатқан / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Шымкенттегі мекеме қызметкерлері көлік жүргізу куәлігін 400 мың теңгеден сатқан / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Құзырлы мекеме мәліметінше, №2 халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы мен қызметкерлері жүргізуші куәлігін емтихансыз рәсімдеп келген. Мұндай «қызметтің» құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Соның салдарынан 2023-2024 жылдары кемінде 500 адам көлік жүргізу куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 млн теңгеден асқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 млн теңгеден астам мүлкі бұғатталды.

Осы іс бойынша 15 адам айыпталушы деп танылды. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Сондай-ақ оқыңыз