Ресей билігі шетелге бензин сатуға тыйым салды

Ресей үкіметі 2025 жылғы 31 тамызға дейін мұнай өнімдерін өндірушілерге бензин экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы Коммерсантъ басылымы хабарлайды.
Мұндай шешім маусымда сұраныс артатын уақытта ішкі жанармай нарығын тұрақты сақтау мақсатында қабылданып отыр.
Басылымның мәліметінше, Петербург биржасында АИ-95 маркалы бензиннің құны 0,4%-ға қымбаттап, тоннасы 76,33 мың рубльге дейін көтерілді. Баға 2023 жылғы қыркүйектегі тарихи рекордты қайталай жаздады. 28 шілдеде АИ-92 маркалы бензин 0,42%-ға қымбаттап, тоннасы 65,58 мың рубльге дейін жетті.
Қазір жылына 1 млн тоннадан астам бензин өндіретін ірі өнеркәсіптерге ғана бензин экспорттауға рұқсат бар. Трейдерлер, қуаты аз мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарына өнім экспорттауға тыйым салынған.
Ірі өнеркәсіптерге де бензинді шетелге сатуды шектейтінін бұған дейін «Ъ» дереккөздері айтқан. Олардың мәліметінше, қазір апта сайын шамамен 40-50 мың тонна бензин шетелге сатылып жатыр. «Ъ» дереккөздері эмбарго қыркүйектің аяғына дейін созылуы мүмкін деп болжайды.
2025 жылы Қазақстан Ресейден 1 млн тоннадан аса мұнай өнімін: бензин, дизель отыны және битум сатып алуды жоспарлап отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл Министрліктің мәліметінше, биыл Қазақстан Ресейден 285 мың тонна бензин, 450 мың тонна дизель отынын, 300 мың тонна авиаотын, сонымен бірге 500 мың тонна битум импорттайды.