Қазақстанда зейнетақы төлемдері қай кезде уақытша тоқтатылуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
зейнетақы мен жәрдемақы
Кейбір жағдайларда зейнетақы төлемдері уақытша тоқтайды / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда кейбір жағдайларда зейнетақы төлемдері уақытша тоқтауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің өкілі Баян Хасенова мәлімдеді.

Дегенмен бұл төлем толығымен тоқтайды деген сөз емес.

«Азамат ел аумағынан тыс жерге шыққан немесе ұзақ уақыт бойы зейнетақы алуға жүгінбеген жағдайда, төлемдер нақты жағдай анықталғанға дейін уақытша тоқтатылады. Жағдай нақтыланған соң төлемдер толық көлемде қайта басталады», – деді Хасенова.

Министрлік өкілі атап өткендей, бұл шаралар зейнетақы қорындағы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау үшін заңнамада көзделген. Зейнеткер туралы ұзақ уақыт бойы ақпарат болмаған жағдайда (мысалы, елден шыққаны туралы хабарланбаған, зейнетақы шотында қозғалыс жоқ болса), төлемдер уақытша тоқтатылады.

Қажетті құжаттар ұсынылып, зейнеткердің мәртебесі расталғаннан кейін төлемдер қайта жанданады.  сондай-ақ тоқтатылған мерзім үшін де толық көлемде аударылады. Бұл зейнеткер қайтыс болғаннан кейін оның туыстары төлемді заңсыз алып отырмас үшін жасалған шара.

Айта кетейік, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнеткердің шамамен 160 млрд теңгесін «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» облигацияларына құйды.

Сондай-ақ оқыңыз