Үкімет техника сатып алуы үшін Қызылорда облысына 1 млрд теңге бөлді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қызылорда облысына 1 млрд теңге бөлінді/фото: shutterstock

Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді. Бұл қаражатқа 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасы сатып алынады.

Мамандардың есебінше, жаңа жабдық магистральді арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ішкі шаруашылық желілеріне су жіберу үшін қолданылады.

«Өңірде 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары – күріш. Суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд текше метр құрайды», – делінген ақпаратта.

Облыс әкімдігі Сырдариядан келіп жатқан суға қарап 5 магистральді және үш шаруашылық аралығындағы арналарға су беру кестесін әзірлеп, бекіткен.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданында мақташылар ағын су беруді сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз