Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жарақат алды

Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам зардап шекті. Ақпаратты облыс полициясы KursivMedia тілшісіне растады.
Атыс Мойынқұм ауданында болған. 29 шілде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауылындағы аудандық ауруханаға оқ жарақатын алған төрт ер адам жеткізілген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленушілер жарақатты травматикалық қарудан алған. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.
Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке бірнеше оқ тиді. Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, іс сотта қаралып жатыр.