Павлодарда келіншек терезеден екі баласын лақтырып, артынан өзі секірген
Жарияланды

Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан әйел адам алдымен екі баласын лақтырып, кейін өзі секіріп кеткен. Үшеуі де кіреберістің шатырына құлаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы келіншек пен балалар ауруханаға жеткізілгенін, бір жастан асқан кіші бала жансақтау бөліміне клиникалық өлім жағдайында түскенін хабарлады.
Облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғағанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады.
Қазіргі уақытта келіншектің де, екі баласының да жағдайы ауыр.
Бұған дейін, Астанада бір күнде төрт бала абайсызда терезеден құлап кеткен.