Елена Рыбакина жүлде қоры 5 млн долларды құрайтын турнирді жеңіспен бастады
Жарияланды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы Монреаль турнирінде сәтті өнер көрсете бастады. Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.
Елена америкалық Хейли Баптист (WTA рейтингі бойынша 50-орын) қарсы ойында екі сетте де сенімді басымдықпен жеңіске жетті — 6:4, 6:3.
Айта кетейік, Монреаль турнирінің жалпы жүлде қоры — 5 152 199 АҚШ доллары. Бұл додада жеңімпаз атанған теннисші 752 275 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады. Аталған турнирдің қазіргі чемпионы — америкалық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Джессика Пегула.
Рыбакинаның келесі қарсыласы румыниялық Жаклин Кристиан (52 орын).