Жаңалықтар

Грант иегерлерінің тізімін қайдан көруге болады

Грантқа құжат қабылдау шілде айында басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Грант иегерлерінің тізімін қайдан көруге болады? / фото: архив kursiv.media

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесін мыңдаған талапкер мен ата-аналар тағатсыздана күтіп отыр.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, грант иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Нақты әрі сенімді мәліметті тек ресми дереккөздерден қарау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:

Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:

Министрлік жалған ақпаратқа сенбеуге және күдікті сайттардан, бейресми Telegram-арналардан тізім іздемеуге шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тамыздағы ҰБТ-ға тіркелу басталғанын жазған едік. Жоғары оқу орындары құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды.