Жаңалықтар

Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады / фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Пушкин көшесінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа аллея салу жобасының басталғанын хабарлады. Жоба аясында Райымбек батыр даңғылынан бастап Гоголь көшесіне дейінгі аралықтағы аумақ қайта жаңғыртылады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 31 шілдеден бастап Пушкин көшесінің Райымбек батыр даңғылынан бастап Макатаев көшесіне дейінгі шығыс жағындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл шаралар құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қабылданып отыр.

Жобаның толық аяқталғаннан кейін, аталған аумақ толығымен жаяу жүргіншілерге арналған аймаққа айналады және көліктер үшін тұрақты түрде жабық болады.

фото: Алматы әкімдігі

Құрылыс кезеңінде көлік қозғалысы Пушкин көшeсінің батыс жағымен оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс тәртібімен ұйымдастырылады.

Аталған шектеулер Алматы қаласы Полиция департаменті мен Қалалық мобильділік басқармасымен келісілген.