Авто

Қытай көлігі – Changan айналары күн ыстықта еріп кетті


Қытай көлігі Changan. Көрнекі сурет / Фото: Autohome
Қытай көлігі Changan. Көрнекі сурет / Фото: Autohome

Қытай көлігі – Changan айналары күннің ыстығынан еріп кеткені туралы бейнежазба пайда болды. Онда ресейлік әйел көлік сапасына шағым айтады.

«Краснодарда ми қайнатар ыстық болып тұр. Қытай көлігінің пластиктен жасалған бөліктері еріп барады. Changan көлігі. Бұл сұмдық», – дейді көлік иесі.

Бейнежазбада көліктің айнасының, спойлерінің, желқағарларының пластик бөліктері балқып кеткені көрінеді. Айнадағы пластиктер еріп, шүңірейіп қалған. Осылайша, ресейлік жүргізуші Қытай көлігі Changan ыстыққа төзімді емес екенін көрсетіп отыр.

«Желқағары мата секілді. Қытай пластиктері керемет екен. Алу керек», – деп кекетіп сөйлейді көлік жүргізушісі.  

Ресейдің Краснодар өлкесінде +41°C-ге дейін күн ысыған. Авторға сенсек, Changan көлігі қолайсыз ауа райында осындай жағдайға душар болған.

Айта кететін жайт, Ресей Қытайдың жүк көліктерінен бас тартып жатыр. Бұл елдің техникалық реттеу және метрология агенттігі Қытайдың Dongfeng, Foton, FAW және Sitrak маркалы жүк көліктері мен шассилерінің көлік түріне рұқсат беру сертификаттарын қайтарып алды.

Тексеру кезінде тежегіш жүйесінің тиімділігі, дыбыс деңгейі, басқару тетіктері мен қауіпсіздік құрылғылары сияқты талаптарға сай келмейтін бірқатар заңбұзушылықтар анықталыпты.

Dongfeng DFH4180, Foton BJ4189, FAW CA4250 және CA4180, Sitrak ZZHS, сондай-ақ Foton M4L осыал шассилері үшін қауіп төндіретін үлгіге жатқызылды. Сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше елдерде сәйкестік сертификаты берілген Dongfeng DFH5200B, Foton H5 және FAW JH6-B 8X4 үлгілерінің сатылуына тыйым салынды.

2024 жылы Ресейде 102 мың жаңа ауыр жүк көлігі сатылған. Оның ішінде аталған бес қытай бренді 57,4 мың көлік сатты.

Ресейлік жүргізушілер енді қытайлық көлігі Changan үлгісіне шағым айтып жатыр.

Мұның алдында Changan CS75 Plus Smart Excellence бағасы 6,5 млн теңгеден басталатыны туралы жазған едік.