Банк пен қаржы

Доллар алғаш рет 550 теңгеден сатыла бастады

Шілденің аяғында доллар күрт көтерілді / фото: kursiv.media
фото: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы психологиялық межеден өтті. Валюта айырбастау мекемелерінде доллар 550 теңгеден сатыла бастады. Қазақстан қор биржасында (KASE) да 1 АҚШ долларының құны 550 теңгеге жетті. Теңге құлдырауын тоқтатқан жоқ.

Биржадағы күндізгі валюта саудасында доллар бірден шамамен 6 теңгеге көтерілді. Құрама Штаттардың көк ақшасы ақша айырбастау пунктері мен екінші деңгейлі банктерде 550 теңгеден жоғары бағаға сатылып жатыр.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, елдегі ақша айырбастау пунктері де долларды 550 теңгеден сата бастады. Бұл ретте Алматы мен Астанадағы доллар бағамы теңесті. Әдетте елордада көк қағаз қымбатырақ сатылады. Айырбас мекемемелерінің кейбірі долларды тіпті 551 теңгеден сатып жатыр.

Екінші деңгейлі банктердің өзінде доллар шамамен 550 теңгеден саудаланып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына интервенция көмектеспейді деп мәлімдеген.

Ұлттық валюта 2025 жылғы наурыздың ортасынан бері шамамен 60 теңгеге құнсызданды.