Қазақстан нарығына кірген қытайлық компания рейстерді Air Astana-мен бірге орындайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Тбилиси
Air Astana мен China Southern Airlines код-шеринг туралы келісімге қол қойды / Фото: kursiv.media архиві

Air Astana мен Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниялары рейстерді бірлесіп орындау (код-шеринг) туралы келісімге қол қойды. Енді екі ел арасында рейс саны артып, ал жолаушыларға саяхатын жоспарлау бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ.

Аталған келісім Air Astana компаниясының Алматыдан Бейжіңге, Үрімшіге және Гуанчжоуға, сондай-ақ Астанадан Бейжіңге ұшатын рейстеріне қатысты болмақ. China Southern Airlines компаниясының Бейжің (Дасин әуежайы), Гуанчжоу, Үрімші және Сиань қалаларынан Алматыға, сондай-ақ Гуанчжоу мен Үрімшіден Астанаға ұшатын рейстері қамтылады.

«Қытай бұрыннан Air Astana үшін стратегиялық маңызы бар нарық. China Southern Airlines компаниясымен серіктестігіміз сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп, екі ел арасындағы авиациялық әріптестіктің жаңа кезеңін білдіреді», деді Air Astana-ның бас директоры Питер Фостер.

Ал China Southern Airlines президенті әрі бас атқарушы директоры Хань Вэньшэн код-шеринг келісімі Қытай компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтіп, рейстер жиілігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, 2022 жылы China Southern Airlines SkyTrax нұсқасы бойынша «Қытайдың үздік әуе компаниясы» деп танылды, ал 2023 жылы World Brand Lab ұйымы оған «Бес жұлдызды бриллиант әуе компаниясы» мәртебесін берді.

Орталық Азия аймағында China Southern Airlines Алматы, Астана, Ташкент, Самарқан, Душанбе, Ашхабад және Бішкек қалаларына рейстер орындайды.

China Eastern Airlines әуекомпаниясы Қазақстан нарығына кірді. Алматы халықаралық әуежайының маршруттық желісі кеңейіп отыр.

2025 жылғы 4 шілдеде China Eastern Airlines әуекомпаниясы Шанхайдан Алматыға алғашқы тікелей рейсін орындаған.

Еске салсақ жуырда China Eastern Airlines әуекомпаниясы Қазақстан нарығына кірді. 4 шілдеде әуекомпаниясы Шанхайдан Алматыға алғашқы тікелей рейсін орындаған.

Сондай-ақ оқыңыз