Қазақстан Cadillac Escalade ең көп сатылатын 10 елдің қатарына кірді

Жарияланды 30 Шілде 2025 19:00

(жаңартылды 31 Шілде 2025 10:00)
Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Қазақстанда 2024 жылы 233 Cadillac Escalade сатылды / Фото: kursiv.media архиві

Өткен жылы әлем бойынша Cadillac Escalade жол талғамайтын көлігінің сатылымы 50 мыңнан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз.

Ең көп сатылған елдердің көшбасында АҚШ тұр. Бұл ел жаһандық сатылымның 82%-ын құрайды. Қазақстан да премиум санаттағы көліктің саудасын қыздырып тұрған елдердің қатарына енді.

Cadillac Escalade көлігі ең көп сатылған ТОП-10 ел:

1. АҚШ – 41 мың дана 

2. Канада – 2 747 

3. Ресей – 1 481 

4. Ирак – 833 

5. Біріккен Араб Әмірліктері – 789 

6. Мексика – 788 

7. Сауд Арабиясы – 567 

8. Оңтүстік Корея – 353 

9. Қазақстан – 233 

10. Қытай – 206 

2023 жылы Қазақстан Cadillac Escalade сатылымы бойынша әлемде 7-орынға табан тіреген болатын. Ол кезде елімізде 550 дана көлік сатылған.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жаңартылған Cadillac Escalade 2025 жол талғамайтын көлігінің ресми сатылымы басталғаны жайлы хабарлаған едік. Бағасы – 104,8 млн теңгеден басталады. 

Сондай-ақ оқыңыз