Жаңалықтар

Негізгі капиталға салынған инвестиция азайған жоқ – Скляр

Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі капиталға салынған шетелдік инвестиция азайған жоқ деп тұжырымдайды. Оның айтуынша, инвестцияны есептеуге қатысты әдістемелік қате кеткен.

Скляр Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция, керісінше, өсіп жатыр деген пікірде.

«Негізгі капиталға салынған инвестиция азайып жатқан жоқ, керісінше өсіп жатыр. Мемлекет тарапынан салынатын инвестиция көлемі де артып келеді. Бұл – ең алдымен көлік және инженерлік инфрақұрылым жобалары. Егер қарқынды инвестжобаларға келер болсақ, біз өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі саласында жүзеге асыруға мүдделіміз», – деді ол.

Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция артып жатқанымен, жеке сектор белсенділігі төмендеп келеді. Halyk Financе сарапшылары бұл жағдай экономиканың ұзақмерзімді дамуына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Биыл алты айда мемлекеттің ірі инвестор ретінде инвестициядағы үлесі 22 пайызға жетті. Бірінші жартыжылдықта бюджет есебінен 1,8 трлн теңге инвестиция салынған. Үкімет Бәйтерек холдингі арқылы бір жылдың ішінде экономиканы кредиттеу көлемін 8 трлн теңге дейін арттыруда жоспарлап отыр.