Жаңалықтар

НЗМ-да шетелдік мұғалімдер жергілікті ұстаздардан 4,5 есе жоғары жалақы алған

Фото: nus.edu.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде шетелдік мұғалімдер қазақстандық ұстаздарға қарағанда 4,5 есе жоғары жалақы алып келген. 2023 жылы шетелдік педагогтер орта есеппен 2,28 млн теңге айлыққа жұмыс істесе, жергілікті мұғалімдер 508 мың теңге алған. Сонымен қата шетелдік мамандардың көшуі, баспанасы және жол шығындары да өтеледі.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, соңғы бес жылда 643 шетелдік мұғалім жұмысқа қабылданып, оларға 17 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Алайда олардың білім сапасына әсері туралы нақты деректер жоқ. Оның үстіне, 250-ден астам мұғалім конкурссыз, талапқа сай келмесе де жұмысқа алынған.

Жоғары аудиторлық палата ақылы негізде оқуға қабылдау тәртібінің формалды түрде жүргізілетінін атап өткен.

Палата ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде де кемшіліктер анықтаған. Кейбір оқушылардың академиялық дайындығы төмен болғанына қарамастан қабылданған.

«Нәтижесінде мектепке грант иегерлеріне қарағанда білімі әлдеқайда төмен оқушылар түсіп, бұл оқу процесіне кері әсерін тигізіп отыр», – делінген есепте.

Сондай-ақ мемлекеттен ата-аналардың қаржылық жүктемесін азайту үшін 162 млн теңге бөлінгеніне қарамастан, НИШ-та ақылы оқу тарифі төмендетілмегені көрсетілген.

2025 оқу жылының соғында Назарбаев мектебінің оқушысын емтиханға телефон алып кіріп, артынан оны алып қойған мұғалімді балағаттаған үшін оқудан шығарып жіберген еді. Бұл іске қатысты министрлік мәлімдеме жасап, педагогке құрмет көрсетілуі керек деп мәлімдеді. Кейіннен ол оқушы басқа мектепте аттестат алды.