
Қазақстандағы үшінші атом электр станциясын да Қытай салады. Бұл туралы Үкімет брифингінде вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.
Склярдың айтуынша, қазіргі таңда АЭС салуға қолайлы аумақ қарастырылып жатыр.
Журналистердің «Бұл екінші АЭС-ті де салатын сол компания ма?» деген сұрағына вице-премьер:
«Солай болуы мүмкін деп ойлаймын» – деп жауап берді.
Бірінші АЭС-ті «Росатом» салады
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ресейлік «Росатом» салады. Сонымен қатар Ресей АЭС құрылысына қажет қаржыны қарызға береді.
Қазақстан бұл жоба бойынша экспорттық қаржыландыру тартуда ешқандай қиындық болмайтынына сенімді. Роман Скляр бұл жобаның жеке үкіметаралық келісім аясында жүзеге асатынын айтты
Ал екінші АЭС құрылысын қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC`) компаниясы қолға алатыны белгілі. Екінші АЭС-тің қайда салынатыны күзге дейін анықталмақ.