Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 1 тамызда ауа райы қандай болады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
1 тамызға арналған ауа райы болжамы / фото: архив kursiv.media

1 тамыз, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі, кей аймақтарда керісінше аптап ыстық пен шаңды дауыл болады.

Атап айтқанда, еліміздің оңтүстігі мен батысында күн +35…+38°C-қа дейін ысиды:

  • Алматы облысында ауа температурасы – +35°C дейін,
  • Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігі мен батысында – +35…+36°C,
  • Маңғыстау облысында – +38°C дейін жетеді.

Сонымен қатар циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы, орталығы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ, кей жерде дауыл болады. Елдің солтүстік өңірлерінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Өрт қаупі жоғары

Синоптиктердің ескертуінше, бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Жоғары өрт қаупі: Абай облысы, Шығыс Қазақстанның шығысы, Павлодардың батысы мен солтүстігі, БҚО-ның батысы мен оңтүстігі, Қарағандының солтүстігі, Маңғыстаудың оңтүстік-шығысы;
  • Төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары, Жамбылдың солтүстігі, батысы мен шығысы, Қарағандының батысы, оңтүстігі, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Атыраудың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі, Маңғыстаудың батысы, орталығы мен оңтүстігі, Абай облысының орталығы мен оңтүстігі, ШҚО-ның батысы, оңтүстігі мен солтүстік-шығысында болуы мүмкін.

«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз