Ақтөбенің мешітінде болған оқиғаға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде болған оқиғаға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады / фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында болған оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми мәлімдеме жариялады.

«Мешіт құлшылық пен тәрбие ордасы, мешітке келген әр адам өзін әдеппен, ізетпен ұстауға тиіс. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру мұсылман әдебіне жат әрекет», делінген мәлімдемеде.

ҚМДБ Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптап, оны мұсылмандыққа және адамгершілік қағидаттарға сай келмейді деп бағалады.

Сонымен қатар басқарма жұртты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған ақпарат пен арандатушылыққа ермеуге үндеді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрметті сақтау – баршаның ортақ жауапкершілігі екені айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл мәселеде әнші Рүстем Жүгінісов қызды кінәласа, кейіннен Баян Алагөзова мен Сабина Алтынбекова да өз пікірлерін білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз