Астанада Джей Лоның концертіне арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады

Жарияланды 31 Шілде 2025 15:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Казахстанец решил выпросить у Джей Ло поздравление
Джей Ло концертіне тегін автобустар ұйымдастырылады / Фото: shutterstock

1 тамыз күні Астанада көптен күткен әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған орай қала әкімдігі мен ұйымдастырушылар тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін тегін автобустарды іске қосады.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жұмысын бастайды. Автобустар қаладағы бес негізгі нүктеден көрермендерді «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып қайтады.

  • Астана циркінің автотұрағы
  • «Хазрет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
  • QAZAQSTAN спорт кешенінің автотұрағы
  • Орталық саябақтың Тұран даңғылы жағындағы автотұрағы
  • «Бас мешіттің» автотұрағы

Автобустар екі бағытта да жүреді: концертке дейін және аяқталған соң.

Ұйымдастырушылар «Астана Арена» маңында көлік тұрағы болмайтынын және жолда кептелістер туындауы мүмкін екенін ескертіп, көрермендерге жеке көлікті емес, қоғамдық көлікті, таксиді немесе тегін шаттл автобустарды пайдалануға кеңес беруде.

Концерттің ресми басталуы 19:30-да деп жоспарланғанымен, қауіпсіздік тексерістері мен көрермендерді өткізу уақытына байланысты ұйымдастырушылар халықты 2–3 сағат бұрын келуге шақырып жатыр. Бұған дейін концертке 25 мыңға жуық адам келетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз