Сауд Арабиясында аттракцион істен шығып, 23-тен астам адам жарақат алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сауд Арабиясында аттракцион істен шықты / фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының Таиф қаласында орналасқан ойын-сауық саябағында аттракцион жұмыс барысында кенеттен істен шығып, 23-тен астам адам жарақат алды. Бұл туралы Okaz жергілікті басылымы хабарлады.

Оқыс оқиға кезінде аттракционның тіреуіш бөлігі артқа қарай жоғары жылдамдықпен сырғып кетіп, қарама-қарсы тұрған адамдарға соғылған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аттракционда отырған кей адамдар орындықтардан құлап, түрлі жарақаттар алған.

Жарақат алғандардың арасында ауыр халде жатқандар да бар. Оқиға орнына жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл жеткен. Қазіргі уақытта апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

Билік өкілдері мен қауіпсіздік қызметтері оқиға орны толық тексеріліп, аттракцион жұмысына жауапты мекемелердің әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз